12.11.2014
Мәжіліс Төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауында ұлан-ғайыр жоспарлар қойылып, мемлекеттің халыққа орасан зор көмек көрсететіндігінебайланысты, оны ауқымды әрі тарихи құжат деп атады.Мәжіліс Спикері экономиканы дамыту үшін, жолдарды салуға, халықтың жекелеген осал жіктері мен топтарына, шағын және орта бизнесті қолдау үшін бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан 24 млрд. АҚШ доллары жұмсалатынын атап өтті.
«Елбасы геосаяси жағдайдыдөп басып бағалады, мемлекеттің жақын болашақтағы даму бағытын айқындады және ел басшылығының Қазақстанның тағдыры үшін саяси жауапкершілікті өзіне алуға әзір екендігін растады. Әлемдік экономикалық дағдарыс, ұлы державалардың санкциялық «соғысының» салдары, энергия тасымалдағыштарға бағаның болжанып отырған құлдырауы, біздің кейбір көршілеріміз бен әріптестеріміздегі тұрақсыздық еліміздегі жағдайға теріс әсер тигізіп отыр. Өйткені, Президент атап өткендей, Қазақстан геосаяси шиеленіс эпицентріне жақын жатыр. Мемлекет басшысы таяудағы жылдар жаһандық сынақтар кезеңі болады деп айтты. Әлемнің бүкіл құрылысы өзгеретін болады. Бұл күрделі кезеңнен барлық елдер бірдей өте алмайды», -деп атап өтті Жақыпов.
Сонымен қатар, Қ. Жақыпов: «Қазақстан Президенті экономикалық және геосаяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бұрынғы кепілдіктер мен шаралар әлсірегендіктен, қалыптасқан нақты жағдайды белгілеп көрсетті» деп өз пікірін білдірді.
«Осындай тарихи уақытта Мемлекет басшысы халқымыз бен мемлекетіміздің тарихына, қауіпсіздігіне және болашағына бей-жай қарай алмайды. Нақты қауіптер мен заманның сын-қатерлерін негізге ала отырып, экономикамыз бен қоғамымыздың тұрақты дамуы, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету үшін, Қазақстанның қорғалуы мен қауіпсіздігінің әлсіреуіне жол бермеу мақсатында ел Президенті халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа әрі нысаналы бағдарламаны ұсынды», - деп атап айтты ол.
«Қазақстандықтардың «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасын барынша қолдап, біздің жалпыжұрт мойындаған, жалпыұлттық Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңына топтасатынынакәміл сенімдімін. Құрметті әріптестер, мен сіздерді, барлық парламенттік фракция депутаттары мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардыМемлекет басшысы бізге үлгі етіп көрсеткендей,тынымсыз еңбек етіп, зор жауапкершілікті сезінуге және бар мүмкіндігіміз бен құзыретіміз шегінде оған белсене қатысуға, Елбасының Жолдауында айтылған барлық міндеттерді мүлтіксіз және уақтылы іске асыру үшін өз жоспарларымызды айқындап отыруға шақырамын», -деп сөзін түйіндеді.