• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер енгізді 11.11.2014

«Партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасын заңнамалық базамен қамтамасыз ету «Нұр Отанның» басты міндеті. Үш жылдық еңбек ішінде 258-ге жуық заң жобасы мақұлданып, Сенаттың қарауынамжіберілді. Олардың 240 Заңды күшіне енді», - деді  Д.Назарбаева.

Мәжіліс төрағасының орынбасары толықтырып кеткендей, «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер мен өзгертулер енгізді.

«Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік төлемақылардың 12%-ға көтерілетіні туралы Заңдар қабылданды. Ал, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік жәрдемақы көлемі 25%-ға артады. Сонымен қатар, бала асырап алу бойынша бір реттік қаржылай сыйақы беру заңды түрде енгізілді. Бұдан басқа Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендерге төленетін өтемақы көлемі мен жеңілдіқтер көбейтілді», - деп еске салды Д.Назарбаева.

Сондай-ақ, қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамасына өзгертулер енгізілді. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жасақталды. Жұмыс берушілердің ауыр жағдайларды жұмыс істейтіндерге қосымша 5% зейнетақы төлемін өтеуі қарастырылған», - деді ол.

Барлығы депутатар әлеуметтік бағыттағы 31 заңды қарастырып, қабылдаған. «Бұдан басқа, қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын 27 заң қабылданды. Олар заңнаманы жеңілдетуге, қолайлы бизнес ортаны жасақтауға бағытталған», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Бүгінде мәжілістің қарауында кәсіпкерлік қызметпен байланысты 8 заңжобасы бар. Кәсіпкерлік кодексін қарастыру күтілуде.

Камила Амирова

 


Back to the list