• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Беларусь екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 06.11.2014

Тараптардың атап өткеніндей, қос елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда өзара іс-қимылды нығайтудың мүмкіндігі зор екенін атап өтті. Әсіресе, интеграциялық үдерістерді  есепке ала отырып, парламентаралық өзара іс-қимылды ынталандыруға айрықша назар аударылды. Өз кезегінде  В.Андрейченко:

«Қазақстан Беларусь мемлекеті үшін сенімді дос, әріптес және одақтас. Парламентаралық механизмдер біздің ынтымақтастығымызды одан әрі тиімді дамытуға ықпал ететін болады»,-деді.

Қ. Жақыпов пен В.Андрейченко ҚР Парламенті Мәжілісі мен Беларусь Ұлттық Жиналысы өкілдері Палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Мәжіліс Төрағасы Беларусь Ұлттық Жиналысы өкілдері Палатасы Спикерін ресми сапармен Қазақстанға келуге шақырды.

  


Back to the list