06.11.2014
« Сенаторлар үкімет мүшелеріне көптеген сауалдар қойғаннан кейін еліміздің биылғы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне, 2014 жылдың тоғыз айының нәтижелері бойынша іс жүзіндегі түсімдерді және шығыстарды ескере отырып есеп-қисаптарды нақтылауға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қосымша тартылған нысаналы трансферттерді пайдаланауға байланысты әзірленген «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңды қабылдады», - делінген хабарламада.
Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына жіті назар аударды. Бұл құжат тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін ережелерді алып тастау мақсатында әзірленген болатын. Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев, сенаторлар Б.Әйтімова, С.Жақсыбеков пәтер иелері кооперативтері жұмысының нашарлығын атап өтті, олардың пікірінше, бұл ПИК қызметінің сапалы құқықтық негізінің болмауына байланысты болып отыр. Ұлттық экономика министрі жағдайды жөндеуге күш салуға уәде берді. Сенаторлар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Палата Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісімді ратификациялады.
Сондай-ақ сенаторлар Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын тиімді дамытудың, азық-түлік қауіпсіздігінің және биотехнологияны дамытудың түрлі мәселелері бойынша сараптамалық тәжірибе мен техникалық жаңалықтарды беруді мақсат ететін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысын ратификациялады.
Отырыста сенаторлар Парламент Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісу комиссиясының ұсынысын қолдай отырып, сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.