05.11.2014
«Заң жобасының түбегейлі сонылығы – австралиялық тәжірибенің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген тәртібін енгізу болып табылады. Яғни, тікелей келіссөздердің негізінде қазіргі қолданыстағы міндетті сараптамадан өтуді талап етпейтін бірінші болып өтінген тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі үлгі контрактіне қол қоюды енгізу ұсынылады. Бұл принцип Перу, Канада, Чили, Эквадор, Моңғолия және басқа елдерде тараған принцип екендігін атап өткен жөн. Олардың барлығы жер қойнауын пайдалануға инвестиция тартымдылығының ең жоғарғы рейтингіне ие болуда», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, заң жобасы конкурстағы жеңімпазды таңдаудың жаңа тәсілі ретінде аукционды енгізуді қарастырған.
Ендігі бір енгізілген жаңалық – контракт бойынша міндетті сараптаманы 60%-ға дейін қысқарту. Айталық, жер қойнауын пайдаланушылар экологиялық және экономикалық сараптама жөніндегі қорытындыны екі рет алу қажеттігінен босату ұсынылады.
Бұл тыс, үлгі контракттың құрылымын оңтайландыру ұсынылып, ондағы заңнама нормаларының қайталануларын алып тастау, контракт шарттарының тек маңыздыларын қалдыру ұсынылады.
Мұнымен бірге, жер қойнауын пайдаланушыларды пайдалы кен қазбаларын шығару жөніндегі контракттерден кен шығару көлемінің 20% шегіндегі өзгерістерді келісу міндетінен босату ұсынылады.
Сонымен қатар, бұл заң жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме міндетті жобалық құжаттар тізбесінен алынып тасталады.
Мұның сыртында, жаң жобасында жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан бұзушылықтарды жоюдың мерзімдері қарастырылған. Міндеттемелердің физикалық көлемдері жағынан бұл 6 айдан аспау керек, ал міндеттеменің физикалық көлемге қатыссыз қаржылық міндеттемелер бойынша 3 айдан, ал контракттің басқа шарттары бойынша жазбаша ескерту алғаннан кейінгі 1 айдан аспауға тиіс