• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат Бюросында палатаның кезекті отырысының күн тәртібі анықталды 03.11.2014

Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратына Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары берілді.

«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын одан әрі пысықтау үшін бас комитет болып Қаржы және бюджет комитеті белгіленді.Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы; «Дамуға ресми көмек туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бюрода 2014 жылғы 6 қарашада болатын Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді.

«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы»; «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысын ратификациялау туралы»;  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын (бірінші оқылымда) қарау көзделіп отыр.

 


Back to the list