• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жыл соңына дейін Мәжіліске азаматтық-процессуалды кодекстің жаңа редакциясы түседі 31.10.2014

«Биылғы жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Жоғарғы соты дайындап жатқан азаматтық-процессуалды кодекстің жаңа редакциясы келеді деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар, келер жылы жаңа әкімшілік-процессуалды кодекс жобасы дайын болмақ», - дейді Р.Мұқашев.  

Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процессуалды кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі заңды күшіне енбек.

Сонымен қатар, комитет төрағасының мәліметінше, шамамен бір аптадан кейін Мәжіліске жаңа кәсіпкерлік кодексі жобасы түспек.   

«Қазақстандық заңгерлер одағы» халықаралық заңгерлер одағына кіреді. ҚХР-мен байланыс құрылған. 2015 жылы Пекинде бірлескен Қытай-Еуразиялық заңгерлік форумы өткізілмек», - дейді төраға.

Камила Амирова


Back to the list