• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Әділет министрлігі заңгерлік қызмет нарығындағы шетелдік компаниялар жұмысын шектейді 31.10.2014

«Отандық нарықта заңгерлік қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың болуы өз алдына бөлек мәселе. Олардың көпшілігі өзге де ұйымдармен міндетті түрде байланыс ұстайды. Осыған орай ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шетелдік компаниялар қызметіне шектеу қоюымыз керек», - дейді министр орынбасары.  

Оның айтуынша, Қазақстанда кәсібилік талаптарын, құқықтық саладағы жұмыскерлердің біліктілік ережелерін дайындау қажет. «Заңгерлік фирмаларға қатысты олардың жауапкершіліктеріне арттыру мәселесін күн тәртібіне шығару керек. Бәрінен бұрын нотариус, жеке меншік сот орындаушылары, қорғаушыларға қатысты оңтайлы тепе теңдікті реттеу керек. Мемлекет осы саланы бақылау мен тексеруге баса назар аударуы керек», - дейді вице-министр.

Вице-министрдің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 4 мыңнан астам нотариус пен тағы осындай қорғаушы қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, жеке меншік сот қызметімен айналысу құқығына шамамен 900 лицензия берілген.

«2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасына сай білікті заңгерлік көмек алуға азаматтарға конституциялық құқық берудің конституциялық қағидасын жүзеге асыру әділ сотқа қолжетімділіктің негізгі шарты мен кепілдігі болмақ», - дейді.

Министр орынбасары сонымен қатар ведомства Негізгі заң қағидаларын толыққанды іске асыру мақсатында «Кепілдендірілген мемлекеттік заңгерлік көмек туралы» Заң дайындалғанын тілге тиек етті.

Камила Амирова


Back to the list