• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҰЭМ республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржыландыру саласын бөледі 24.10.2014

«Өңірлермен мақсатты трансфертті бөлу мен іске асыру процедуралары қысқартылды. 2015 жылдан бастап ағымдағы мақсатты трансферттер келісімі күшін жояды. Және де осы жылдан бастап мақсатты трансферттер тек жекелеген қаржыландыру жоспарлары негізінде ғана саналатын болады», - дейді М.Құсайынов.

Оның айтуынша, 10 жылда республикалық бюджетті дамытуға мақсатты трансферттер есебінен қаржыландыру саласы кеңейтілді. Министрдің бірінші орынбасарының сөзіне сүйенсек, республикалық бюджеттен жергілікті деңгейдегі нысандар қаржыландырыла басталды, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне енетін арзан нысандар да бар.

«Олардың арасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, фельдшерлік-акушерлік пунктер бар. Бұрын бұлардың барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржылындырылып келді», - дейді Құсайынов.

Осыған орай ведомство Ұлттық экономика министрлігі республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржыландыру саласын бөлді ұсынады. Аталмыш ұсыныс Дүниежіүзілік банкпен бірлесіп дайындалмақ. «Өңірлерден көптеген ұсыныстар келіп түсті. Оларды біз Дүниежүзілік банкпен бірлескен жұмыс аясында топтастырып, жаңаша бастамаларды қолға алмақпыз», - дейді ол.

Камила Амирова


Back to the list