• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара жанама салықтарды алып тастау туралы келісімді мақұлдады 23.10.2014

«Хаттама 1999 жылы құрылған, ол кезде Кедендік одақ болмаған еді. Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімнің күшіне енуіне орай аталмыш хаттаманың барлық нормалары жаңа келісімге енгізілді. Бұл тауар, жұмыс пен қызмет экспорты мен импорты кезіндегі өзара жанама салықтар тәртібі», - дейді ҚР қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаев.

Вице-министрдің айтуынша, Кедендік одақ аясында жұмыс істейтін келісім 2011 жылдың 8 қарашасындағы екіжақты келісімде қарастырылған тауар, жұмыс пен қызмет экспорты мен импорты кезіндегі өзара жанама салықтар тәртібін қамтиды. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Қаржы министрліктері тарапынан екіжақты келісімнің күшін жою туралы хаттамаға қол қойылды.

«2012 жылдың 14 тамызында Беларусь тарабы хаттаманың күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік процедураларды орындау туралы ескерту жасады. Заң жобасының қабылдануы әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс әсерлерін тигізбейді және республикалық бюджеттен қаржылық шығын шығармайды», - дейді.

Камила Амирова


Back to the list