20.10.2014
«Ұлттық экономика министрлігінде қалалар мен елді мекендерді жылумен және сумен қамтамасыз ету секторын қайта құру тұжырымдамасын әзірлеу болжануда. Тұжырымдама жылумен қамтамасыз ету саласында ортақ мемлекеттік саясатты құруды және оны іске асыруды көздейді», - деді Қ. Өскенбаев.
Оның айтуынша, жылумен қамтамасыз етумен айналысатын нысандардың басым бөлігі өз мерзімін әлде қайда өтеп қойған. Жалпы, орташа есеппен жылумен қамтамасыз ету желісінің ескіруі 60% құраса, кейбір аймақтарда жылу энергиясын жоғалту 36% көрсетті.
Сонымен қатар, жылу көздеріндегі қазандықтардың жартысынан көбі төмен деңгейдегі пайдалы әрекет коэффицентіне ие. Көрсеткіш шамамен 41 пайыз.
«Нәтижесінде қазандықтарды қамтамасыз ету мен ұстап тұру шығындары артты. Мұның барлығы апаттық жағдайларды тудырып, нысандар жұмысындағы ақаулар мен жыл сайынғы жылыту маусымдағы шаралардың сапасына әсер етпей қоймайды», - дейді.
«Жоспар бойынша 7 мың шақырым жылу желісі мен 6 мың шақырым жылу көздерін жаңғырту және жылу көздеріндегі ПӘК-ті 85 пайызға дейін арттыру арқылы жылумен қамту секторының тиімділігі арттырылмақ», - дейді министр орынбасары.
Камила Амирова