• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенаторлар Ресеймен XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялауға әзірленуде 20.10.2014

«Сенаттың 2014 жылғы 23 қазанда болатын жалпы отырысының күн тәртібі талқыланды.Сенат отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарау көзделіп отыр», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаторлар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын (екінші оқылым); «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (екінші оқылым) қарайтын болды.

 


Back to the list