• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенатта халықаралық келісімді ратификациялау бойынша заң жобалары қаралды 20.10.2014

Жалпы, «Азаматтық процесс мәселелері бойынша конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын салалық комитет қарастырды. Негізі конвенция 1954 жылы 1 наурызда Гаагада түзілді.

«Атап өткендей, конвенция сот және соттан тыс құжаттарды тапсыру, сот тапсырмаларын орындау үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және дипломатиялық өкілдерінің өзара іс-қимылының жеңілдетілген тәртібін айқындайды. Бұл конвенцияға 48 мемлекет қосылған, оның 11-імен ғана Қазақстанның құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық шарттары бар. Сондықтан конвенцияның күшіне енуі Қазақстан үшін басқа мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, құқықтық көмек көрсету туралы сұрауды орындау мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіру мүмкін жағдайларда мемлекеттің көмек көрсетуден бас тартуға құқығы бар», - делінген Комитеттің қорытындысында. 

Жалпы, конвенцияны ратификациялау осы құжатқа қол қойған басқа мемлекеттерде сот қорғауына және заң көмегін алуды құқықтық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комитет мүшелері заң жобасын қолдап, оны Сенаттың жалпы отырысына жіберді.

Камила Амирова


Back to the list