• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс теңіз ұйымына қатысты заңнаманы бірінші оқылымда мақұлдады 15.10.2014

Құжатта теңіз көлігі саласындағы қазақстандық оқу орындарының дипломдарын халықаралық деңгейде тануды қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында халықаралық талаптарға және стандарттарға сәйкес теңіз көлігінің мамандарын даярлау (қайта даярлау) жөніндегі,  сондай-ақ, уәкілетті органның құзыретін нақтылау жөніндегі нормалар көзделген.

«Жалпы отырыста зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы, оның ішінде құқықтық олқылықтарды, қайшылықтарды жою, сондай-ақ әкімшілік кедергілер келтіретін нормаларды болғызбау жолымен одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады», - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің патент заңнамасын үйлестіру мақсатында Қазақстандағы өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау құралдарының тізбесінен инновациялық патент алып тасталады.

Палата депутаттары Қазақстан - Италия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Мәжіліс бүгінгі отырыста экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістерге келісім берді.

 


Back to the list