15.10.2014
«Әлемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалдарға қарамастан азаматтарға берілетін барлық әлеуеметтік пакетті сақтауымыз керек. Өйткені ұлттық идеяның басты міндеті экономикалық өсім мен адамдардың әлеуметтік жағдайларының артуы болып табылады. Сонымен қатар, экономиканы әрі қарай индустрияландырып, өңдеуші өнеркәсіпті дамытып, елдегі машина жасау саласын күшейту керек. Сондай-ақ, бюджеттік қаржыландыру, бюджетаралық қатынас мен халықаралық қатынастардағы барлық заңнамалар мен заңнамалық актілерді жетілдіру қажет», - дейді ол.
Парламент Сенатының жаңадан сайланған депутатының айтуынша, Мемлекет басшысы Парламенттің алдына Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша Қазақстан-2050 Стратегиясын заңнамалық қамтамасыз ету міндеттемесін қойды. «Мен Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы барлық міндеттемелерді іске асыруда барлық білімі мен тәжірибемді және күш-жігерімді жұмсауға тырысамын», - дейді депутат.
«Мен үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануы үлкен мәртебе. Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық деңгейлі депутаттар мен сайлаушылардың сенімін ақтап, абыроймен қызмет ететін боламын», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Орталық Сайлау Комиссиясы биылғы жылдың 1 қазанында Сенаттың жаңадан сайланған 16 депутатын тіркеді.
Камила Амирова