• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Орталық сайлау комиссиясы  1 қазанда сайланған Парламент Сенатының 16 депутатын тіркеді 15.10.2014

2014 жылдың 15 қазанында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 82 бабы 1 тармақшасы, 45 бабы, 12 бабының 10 тармақшасына сай облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылдың 1 қазанында сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді.

«Құрметті Парламент Сенатының қайта сайланған депутаттары, енді төсбелгі мен ҚР Парламенті Сенаты депутаттығының куәлігін табыстау процедурасын бастаймыз», - деді ОСК отырысында Б.Мельдешов.

Отырыста жалпы саны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Ақмола облысынан Әкімов Рашит, Ақтөбе облысынан Тағымов Марат, Алматы облысынан Мұсаханов Аңсар, Атырау облысынан Еңсегенов Сәрсенбай, Шығыс Қазақстан облысынан Плотников Сергей, Жамбыл облысынан Жолдасбаев Мұратбай, Батыс Қазақстан облысынан Мұқаев Ерболат, Қарағанды облысынан Ершов Сергей, Қостанай облысынан Бектұрғанов Серік, Қызылорда облысынан Еламанов Бекмырза, Маңғыстау облысынан Бортник Михаил, Павлодар облысынан Көбенов Манап, Солтүстік Қазақстан облысынан Перепечина Ольга, Оңтүстік Қазақстан облысынан Бектаев Әли, Астана қаласынан Жақсыбеков Серік, Алматы қаласынан Мұқашев Төлеубек тіркелді.

Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына тіркелген депутаттарға тиісті куәлік пен төсбелгілер табыстады.

Камила Амирова


Back to the list