14.10.2014
Құжат судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге; судья лауазымдарына кандидаттарды конкурстық іріктеу рәсімін жетілдіруге; судья лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезіндегі жұртшылықтың рөлін күшейтуге; басшылық судья лауазымдарына арналған кадр резервінің рөлі мен маңызын арттыруға бағытталған.Соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жалпы отырыстарда қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы және облыстық сот органының құрылымы жалпы отырыс төралқасымен толықтырылады.
Судья лауазымына кандидаттардың моралдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультациялық-кеңесші орган – Қоғамдық кеңес құрылады, оның қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Заң жобасымен 9 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді: Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық-процестік кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Бюджет және Салық кодекстері, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдар және тағы басқалары.Сот төрелігін іске асыруды жеңілдету және ақпараттық технологиялардың қолданылу аясын кеңейту мақсатында азаматтық процесте сот отырыстарының барысын аудио және бейнежазба арқылы (аудио-, бейнехаттама) хаттамаға түсіру ұсынылады.