07.10.2014
Заң жобасы мемлекеттік органдардың құзіреттері мен құқықтарын және міндеттерін нақтылауға бағытталған нормаларды қамтиды. Экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша жекелеген құзіреттер жергілікті деңгейге берілді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, заң жобасы арқылы қолданыстағы заңнамада қолданылатын ұғымдар мен анықтамаларды қабылдауды біркелкі етуге бағытталған нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер қарастырылған.