• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы конвенцияны ратификациялайды 07.10.2014

«Конвенция қабылданған 2006 жылдан бастап, ТМД мен ЭЫДҰ 25 мемлекеті оны ратификациялады. Қазақстанның аталмыш Конвенцияға қатысуы халықаралық ынтымақтастыққа маңыздылық беріп, халықаралық нормаларды орындауды растайды», - деді  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму вице-министрі Дәулет Арғандықов.

Айта кетерлігі, аталмыш Конвенцияның ережелері барлық сала мен қызметкерлер заңды күшке ие. Оның мақсаты аурулардың алдын алу, жарақаттануды және өндірістерде адам қазасын болдырмау.

«Қазақстанның аталмыш Келісімге қатысуы еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға жағдай жасайды. Қазақстанның заңнамасы Конвенцияаның ережелеріне сәйкес келеді. Еңбек кодексінде жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен жауапкершіліктері белгіленген еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған бөлім бар», - деді ол. 

Қауіпсіздік мәселелері маңызды болғандықтан бұл Конвенция көкейтесті сипатқа ие. Өткен жылы 1997 адам, 2012 жылы 2247 адам зардап шеккен. 

Камила Амирова


Back to the list