• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс бюросында Палатаның пленарлық отырысында қаралатын мәселелер анықталды 03.10.2014

Депутаттардың бірінші оқылымда талқылауына ойын бизнесі мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер ұсынылады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Пленарлы отырыстың күн тәртібі жобасы бірқатар құжаттарды ратификациялауға қатысты заң жобаларын қамтиды. Атап айтар болсақ, олардың арасында тауар (жұмыс) экспорты мен импорты кезіндегі жанама салықтарды алу қағидалары туралы 1999 жылдың 2 ақпанындағы Қазақстан мен Беларусь арасындағы келісімінің күшін жою туралы үкіметаралық Хаттама, Қорғас өзеніндегі «Достық» су торабы туралы Қазақстан-Қытай үкіметаралық Келісімі бар. Сонымен қатар Палатаға азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымы Қаулысы туралы ратификацияланған заң жобасын қарау ұсынылды.

Палатаның бұдан бөлек тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша екінші оқылым мен заңнамалық түзетулер жобасын талқылауы керек.


Back to the list