• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенатта БҰҰ-мен Астанада жаһандық форумды өткізу туралы келісім ратификацияланды 02.10.2014

Келісімге 2014 жылғы 4 тамызда қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты 2014 жылғы 6-8 қазанда Астанада «Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» 2014 жаһандық форумын» өткізу болып табылады.

«Осы форум ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Форумды өткізудің қорытындылары бойынша Қазақстанның «электрондық үкіметті» дамыту бойынша тәжірибесін дамыған елдер арасында да, дамушы елдер арасында да кеңінен тарату жоспарланып отыр», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы 500 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражат енгізетін болады. БҰҰ тарапынан мынадай іс-шаралар қамтамасыз етілетін болады: Жобаның үйлестірушісін жалдау, «Smart Government-ке» белгілі бір назар аудара отырып, «электрондық үкімет» саласындағы сарапшыларды айқындау, форумды өткізу, форум бойынша жарияланымдарды дайындау. Келісім аясында артықшылықтар мен иммунитеттер, оның ішінде БҰҰ өкілдеріне – Форумға қатысушыларға еркін келу және кету құқығын беру көзделеді.

 


Back to the list