02.10.2014
«ТМД миссиясының мүшелері ҚР Парламенті Сенаты сайлауының барынша әділ және ашық, ҚР заңнамасына сай өткізілгенін бір ауыздан мәлімдеп отыр. Сайлау таза және жоғары деңгейде өтті. Біз сайлауға дайындық кезінде де республиканың барлық өңіріндегі жұмыстарды бақылаумен болдық», - дейді С.Лебедев.
Сайлауға дайындық шараларын бақылау барысында бақылаушылар ОСК, облыстық сайлау комиссиясы жұмысына жоғары баға беріп, ұйымдастыру жұмыстарына көңілдері толды. Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлау компаниясы жоғары деңгейде жұмыс істегенін айтады.
Айта кету керек, миссия құрамында достастық елдерінің Орталық сайлау комиссиясы өкілдері, Парламент депутаттары, дипломаттар, қоғам қайраткерлері болды.
«Сайлау баламалы негізде өткені анық. Бір орынға екі-үш үміткерден келді. Яғни, сайлаушылардың алдына таңдау мүмкіндігі ұсынылды. Үміткерлердің барлығы жоғары білімді, кәсіби және өмірлік тәжірибеге бай халық атынан заң шығару жұмыстарына араласуға әбден лайық азаматтар», - дейді бақылаушылар.
Камила Амирова