• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Тұрғанқұлов: ҚР Парламенті Сенатының депутаттық корпусы 75%-ға жаңарды 02.10.2014

«Депутаттық корпус 75%-ға жаңарды. Республиканың әр өңірінде сайлау өткізілді. Сонымен қатар, сайлау нәтижесі бірінші кезеңде-ақ анықталып қойды. Айта кету керек, дауыс беру мен барлық сайлау процестері сайлау заңнамасына сай жүргізілді», - дейді ҚР ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұлов.

Депутаттар корпусына жаңадан сайланғандар арасында 7 инженер, 4 ауыл шаруашылығы қызметкері, 2 экономист, 2 оқытушы мен 1 заңгер бар. Қызмет түрлері жағынан 4-еуі Парламент Сенатының бұрынғы депутаттары, 9 мемлекеттік орган, ұйым, кәсіпорын мен мекеме қызметкерлері, 2 коммерциялық құрылым өкілі. Сенаторлардың орташа жасы 56 жасты құрайды.

Ел Конституциясы мен Парламент Сенатының сайлауы туралы Конституциялық заңға сай әр облыс пен Алматы және Астана қалаларынан 16 депутат сайланды.

Дауыс беру мен сайлау шараларына 387 бақылаушы қатысты. Олардың арасында үміткерлердің сенімді өкілдері, саяси партия өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері бар.

Камила Амирова


Back to the list