• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Мәжілісі ЕАЭО туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады 02.10.2014

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның алғашқысы «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы».

Шартқа сәйкес Тараптар Еуразиялық экономикалық одақты (бұдан әрі - ЕАЭО) құрады, оның шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы, осы Шартпен және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалған экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.

Осы күні мәжілісмендер «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы»  заң жобасын мақұлдады.

Тараптар өзара сенім, стратегиялық әріптестік және жан-жақты ынтымақтастық негізінде тең құқылы және егемен мемлекеттер ретінде бір-бірімен өзара іс-қимылды дамытады.

Келісім тараптардың құзыретті органдарында 30 күн ішінде келуін міндетті тіркеусіз, тараптар аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының болуының оңайлатылған тәртібін орнатуға бағытталған.

Осы күні депутаттар  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы  мен   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.  

«Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді  ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы да халық қалаулыларының қолдауына ие болды», - делінген хабарламада.

 


Back to the list