• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елдің 16 өңірінде  ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтуде – ОСК 01.10.2014

«Сағат он бірдегі жағдай бойынша таңдаушылардың барлық отырыстары ашылды. Қазіргі уақытта қолда бар алдын ала мәліметтерге сәйкес таңдаушылардың келуі өңірлер бойынша мынадай: Астана - 100%, Алматы - 97,1%, Ақмола облысы - 98,9%, Ақтөбе облысы - 98,5%, Алматы облысы - 99,1%, Қарағанды облысы - 99%, Қостанай облысы - 98,6%, Маңғыстау облысы - 100% және Солтүстік Қазақстан облысы - 97,6%. Қалған өңірлерде таңдаушылар отырыстары енді ғана ашылды, деректер бізге кешірек келіп түседі», - деді М.Сәрсембаев. 

Сайлау заңнамасының талабына сәйкес қазіргі уақытта таңдаушылардың барлық тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Таңдаушылардың бірлескен отырысы егер оған облыстың барлық мәслихаттарынан сайланған депуттардың 50 пайыздан астамы қатысса заңды болып саналады.

Орталық сайлау комиссиясында хабарлағандай, бүгін Сенат депутаты мандатына 39 үміткер  бағын сынайды. 

ОСК төрағасының  орынбасары сайлау заңнамасының нормаларын бұзу фактісі тіркелмегендігін айтты.

Айта кетейік, 29 қыркүйек жағдайында республика бойынша 39 үміткер тіркелді. Оның ішінде осыған дейін тіркелген 53 үміткердің 14-і өз қалауы бойынша сайлаудан бас тартты

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 29 қыркүйек, 24.00-де үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аяқталды.

Камила Амирова 

Суретті түсірген Азамат Әлиев


Back to the list