• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Сауд Арабиясымен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға аса мән береді – Жақыпов 25.09.2014

Мәжіліс Төрағасы Сауд Арабиясы делегатын ұлттық мереке – Сауд Арабиясы біріккен Королдігі болып жариялану күнімен және Консультативтік кеңестің 90 жылдығымен құттықтады.

Сауд Арабиясымен  барлық сала бойынша екіжақты ынтымақтастықтың дамуы туралы сөз қозғаған Қабиболла Жақыпов сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс Спикері сауда көлемінің артуы Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Парсы шығанағы темір жолының ашылуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, Қазақстан Араб мемлекеттерінің экономикалық форумы, Орталық Азия мен Әзірбайжан елдерінің шақырылымы туралы  Сауд Арабиясы бастамасын қолдайды.

Абдалла Әль аш-Шейх өз кезегінде, Қазақстан мен Сауд Арабиясының  одан әрі тиімді ынтымақтастық жүргізуге әлеуеті жоғары екендігін атап өтті. 


Back to the list