25.09.2014
«Заң жобасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізуді, соның ішінде Үкіметтің, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктер мен ведомстволардың, орталық атқарушы органдардың құзіреттерін нақтылауды қарастырады», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Аталмыш Қаулыны іске асыруда жоба Үкіметтің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын дайындауды нақтылайды.
Өз кезегінде министр министрліктер мен Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарға стратегиялық, реттеушілік, орындаушылық және тексеру-бақылау қызметтері, стратегиялық жоспарларды бекіту және іске асыру құзіреттері берілетінін айтты. «Министрлік ведомстволарына реттеушілік, орындаушылық және тексеру-бақылау қызметтері мен стратегиялық жоспарларды бекіту және іске асыру құзіреттері беріледі», - деді Е.Досаев.
Камила Амирова