• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс Үкімет туралы заңға енген  түзетулерді  мақұлдады 17.09.2014

Сонымен қатар, Түркі Акадамиясын құру туралы Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Ол туралы бастаманы тұңғыш 2009 жылы Нахичеванидегі (Әзірбайжан) түркі тілдес елдер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын.

Сонымен қатар, депутаттар рұқсатсыз өткен азаматтарды реадмиссиялау туралы қазақстандық-швейцарлық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

«Төменгі палата бірқатар заң жобаларын қарауға алды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне тауар мен жұмыс экспорты мен импорты кезіндегі өзара жанама салық қағидалары туралы келісім күшін тоқтату туралы қазақстандық-беларусьтік үкіметаралық хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бойынша тұжырымдама дайындау тапсырылды.

Ал аграрлық мәселелер комитетіне өсімдіктер карантиніне қатысты түзетулер жобасы берілді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Қаржы және бюджет комитеті салық мәселесіне қатысты жаңалықтар жобасымен айналысатын болады. Ал мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру Заңнама және сот-реформа комитетіне тапсырылды.


Back to the list