12.09.2014
«Ол бойынша депутаттар рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы қазақстандық – швейцариялық келісімді, сондай-ақ, Түркі Академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау мәселелерін қарастырады», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, бейінді комитеттерге бірқатар жаңа заң жобалары, атап айтатын болсақ, 1999 жылғы 2 ақпандағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы қазақстандық-белорустық үкіметаралық хаттаманы ратификациялау туралы» және «Өсімдіктер карантині туралы» құжаттарға қатысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылады.