11.09.2014
«Мемлекет басшысы агроөндірістік кешеннің дамуына ерекше тоқталған болатын. 2014-2016 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды,оның жүзеге асуына республикалық бюджеттен 453 млрд теңге бөлінді. Жақында Парламентке түскен 2015-2017 жылдарға арналған бюджетте ауыл шаруашылығы өндірісін қолдауға қаржы қарастырылған. Ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіптерге 25 млрд теңге бағытталды», - деді Р. Ахметов.
Айта кетейік, ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Елбасы құрылымдық реформаның негізгі бағыттарын атап өтті. Ол бойынша заңнамалық жұмыс жүргізу қажет.
Индира Қауметова