09.09.2014
«Нақты осы заң жобасына дауды сотқа дейін реттеу тәртібі енгізіледі. Мемлекет басшысы қашанда соттарға барынша аз салмақ түсіріп, шама келгенше көп жағдайды сотқа дейін жеткізбей шешу керектігін айтады. Осыған орай, медиаторлардың қызметі қыза түспек. Мысалға, баланы тәрбиелеуге беру мәселесін алып қарайық. Бұл жағдайда соттаспай-ақ медиаторлар көмегімен мәселені шешуге болады», - дейді ҚР Парламенгті Сенатының депутаты Людмила Полторабатько.
Сонымен қатар, Парламенттің жоғарғы палата өкілінің айтуынша, дәлел қажет етілмейтін істер бойынша дауларды қарау мерзімін қысқартуды қарастыру тәртібі енгізілмек.
«Дәлел қажет етілмейтін істер бойынша жанжалдарды қарау мерзімін қысқартуды қарастыру тәртібі енгізілмек. Яғни қолда бар дәлел электрондық сот өндірісінде электронды поштамен арыз берген жағдайда барша материалдар электронды түрде беріледі», - дейді депутат.
Оның айтуынша, енді сот отырысы аудио және бейне материалдарды қолдану арқылы өткізіледі, ондай кезде сот отырысы хаттамасына ол енгізілмейді.
«Енді сот отырысы аудио және бейне материалдарды қолдану арқылы өткізіледі, дегенмен ондай кезде сот отырысы хаттамасына енгізілмейді. Осылайша кісі сот отырысының аудио және бейне жазбасын алуға құқылы болады, кейін ол туралы мәселе көтерілгенде тез арада қайта пайдалануға мүмкіндік туады», - дейді.
Индира Қауметова