• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Сенатында сот жүйесін жетілдіру бойынша заң жобасы қаралды 09.09.2014

Құжат соттардың тәуелсіздігін арттыруға, қазылық қызметтерге үміткерлерді іріктеп алу үдерісін  жетілдіруге бағытталған.

«Қағазбастылықты  азайту, сотқа жөнелту шараларын қысқарту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы соттардың тәуелсіздігін арттыруға, қазылық қызметтерге үміткерлерді іріктеп алу процедурасын жетілдіруге бағытталған», - деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Людмила Полторабатько.

Оның  айтуынша, Комитет депутаттары мен тұрақты комитеттерден аталмыш заң жобасы тұжырымдамасына қатысты ескертулер жоқ.  

«Конституциялық заң жобасы тарапынан қазылық қызметтерге үміткерлерді іріктеу талаптары шектеледі, жұмыс барысында бөлім қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, заң жобасы бастамашыларының қатысуымен жұмыс тобының заң жобасына қатысты жұмыстар жүргізілді. Комитет депутаттары мен тұрақты комитеттерден аталмыш заң жобасы тұжырымдамасына қатысты ескертулер жоқ», - дейді ол.

Жалпы, Л.Полторабатьконың айтуынша, заң жобасы сот жүйесі жұмысын жетілдіруге бағытталған.

Индира Қауметова


Back to the list