09.09.2014
«Жемқорлықтың ең көп орын алатын салаларының бірі мемлекеттік сатып алу екені мәлім. Кәсіпкерлер мәселесін шешу мен жемқорлық қылмыстардың алдын алу үшін 2014 жылдың соңына дейін Үкімет жаңа редакциядағы мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын дайындап, Парламентке ұсынуы тиіс», - деді депутат.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жұмыстарын адал орындамайтын мердігерлердің кесірінен құрылыс нысандарын соңына дейін жеткізбеу, соның ішінде әлеуметтік нысандарды соңына дейін аяқтамау, жалпы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану деректері кездеседі.
«Жыл сайын анықталып жатқан қылмыстық әрекеттердің саны азайып келе жатыр. Қаржылық тексеру бойынша 2013 жылғы жалпы тәртіп бұзушылық деңгейі 262,4 млрд теңгеге жетті. Соның ішінде 127 млрд теңгесі мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде жүзеге асырылған. Сол себепті квазимемлекеттік сектордың сатып алу мәселесін реттейтін мемлекеттік сатып алу туралы заң керек», - дейді ол.
Индира Қауметова