• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кәсіпкерлік кодекс бизнеске қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді – Н. Сәбилянов 09.09.2014

«Кәсіпкерлік кодекс мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың қарым-қатынасын реттеуге, жүйелендіру мен заңнамалық базаның жетілуіне, тұтынушылар құқығын қорғауға, кәсіпкерлерге бизнесті ашуда қолайлы жағдай жасауға   бағытталуы тиіс», - деді Н. Сәбилянов.

Осыған орай, депутат қазіргі таңда Парламентке Үкімет дайындаған «Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдары мен заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу» заң жобасы келіп түскенін айтты.

«Оның (заң жобасы) негізгі мақсаты мемлекеттің бизнес саласына араласуы үлесін азайту болып табылады.Сондай-ақ, ол атап өткендей, кәсіпкерлік заңнаманы жетілдіру сұрақтарына «Нұр Отан» партиясы ерекше көңіл бөлуде.

«Партия төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызының бастамасымен партияның парламенттік фракциясы және  ҰКП арасында жұмыс жоспары бекітілді, жоспарға сәйкес, заңнамалық актілерді жетілдіретін шаралар ұйымдастырылуда», - деді ол .

Индира Қауметова


Back to the list