03.09.2014
«Жыл санап оқу құралдарын сатып алудың жүгі ауырлап бара жатыр. Жүргізілген есеп бойынша, оқу құралдары шығыны миллиард теңгеге дейін жетеді. Ал ата-аналар осы құралдардың өздері жеткілікті деңгейде келмейтінін айтады», - дейді депутат.
Оның айтуынша, мектеп кітапханаларында оқу құралдары жетіспейді, мектептердің барлығы оқулықтарға қол жеткізе бермейді.
Осыған орай депутат құзіретті органдарды оқушыларға оқыту-әдістемелік құралдар беру шараларын қабылдауға шақырды.
«Тапсырыс бойынша алынған барлық оқулықтар жеткілікті деңгейде келуі керек. Ол барлық оқушыларға қолжетімді болуы тиіс», - дейді мәжілісмен.
Камила Амирова