• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылды 02.09.2014

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының кезекті сайлауына дайындалу мен оны жүргізу шараларының күнтізбелік жоспарына сай, 31 тамызда үміткерлерді ұсыну аяқталды.

ҚР ОСК баспасөз хатшысы В.Жексембекованың айтуынша, 2-31 тамыз аралығында республика бойынша Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттығына 88 үміткер ұсынылды.

«Осылайша, парламенттiң жоғарғы палатасының депутаттарын сайлау жөнiндегi соңғы үш сайлау науқаны аясында ұсыну қорытындылары бойынша орташа бәсекелестiк бiр сенатор мандатына 5-тен аса үмiткер тіркелген», - дейдi В.Жексембекова.

Оның айтуынша, 1 қазанда өтетiн сайлауға Алматы қаласынан ең көп үміткер  ұсынылып отыр.

Олардың саны – 9. Ал, Ақтөбе және Алматы облыстарынан 7 кандидаттан ұсынылды. 15 кандидат мәслихаттардан ұсынылса, 73 азамат өзiн-өзi ұсыну құқығын пайдаланған.

Естірңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2014 жылдың 1 қазанына белгіленген.

Камила Амирова


Back to the list