02.09.2014
«Құрметті депутаттар, Үкімет мүшелері, қонақтар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 59 бабына сай Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының бесінші шақырылымын ашық деп жариялаймын», - деді Н.Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінде.
«Парламенттің жаңа сессиясы күрделі міндеттемелер жүктейді. Әлемдік экономика аумалы-төкпелі жағдайды бастан кешіп жатыр. Геосаяси қатерлер де тереңдеуде. Соның ішінде Украинаға қатысты халықаралық қатынастар да шиеленісе түсуде. Өзара алма кезек қойылған санкциялар әлемнің жалпы ішкі өнімінің 60 пайызын өндіретін осы елдерге өз кесірлерін тигізбей қоймақ емес», - деді Елбасы.
Президенттің айтуынша, бұл әрекеттер қазақстандық әріптестерге зиянын тигізіп, бұл өз кезегінде отандық экономикаға да кері әсерін беруі әбден мүмкін. «Сол себепті алдын ала экономикаға қатер төндіруі мүмкін жағдайларды реттеу қажет. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен қауіпсіздігі Үкіметтің күн тәртібінен түспеуі керек», - деді Н.Назарбаев.
Камила Амирова