• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана ҚР Парламенті Сенатының  депутаттығына 5  үміткерді ұсынды 14.08.2014

Өздеріңіз білетіндей, ҚР Конституциялық «ҚР сайлау туралы» заңына және Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес Астана қаласында ҚР Парламенті Сенатына депутатардың сайлау алды компаниясы өтуде.

«Қазіргі таңда депутаттыққа үміткерлерді ұсыну жүруде. ҚР Конституциялық «ҚР сайлау туралы» заңына  сәйкес барлық ұсынылған 5 кандидат лайықты деп танылды», - деді қалалық комиссияның хатшысы.

Бүгіннің өзінде Сенат депутаттығына үміткер 4 кандидатты тіркеу бойынша қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

«Демек, бүгін біз 4 кандидатты тіркедік. Олар заңға сәйкес барлық құжаттарды тапсырды. Осылайша біз төрт  кандидатқа төлқұжаттарын бердік», - деді ол.

Белгілі болғандай, үміткерлерді ұсыну 31 тамызға дейін жалғасады. Сондықтанда мерзім біткенге дейін тағыда кандидаттар ұсынылуы мүмкін.

«Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар мен оларға сайлау науқанында қол жинаумен көмектесетін сенімді тұлғаларына және журналистерге  арнап ақпарат дайындап қойды», - деп атап өтті В. Пытьева.

Насихат жұмыстары кандидаттарды тіркеу аяқталғаннан кейін, яғни 12 қыркүйектен бастап басталады.

Жалпы, комиссия хатшысының айтуынша, өз кандидаттығын ұсынғандардың барлығы  50 жастан асқан ер азаматтар.

«Бүгін тіркелгендердің барлығы ҚР азаматы, олардың үшеуі осы Қазақстанда туып өскен. Кандидаттардың бірі 60 жаста және осы жылдар бойы Астанада тұрып келген. Олардың әрқайсысы қандайда бір мекеменің немесе кәсіпорынның басшысы, яғни олардың әрқайсысы лайықты кандидат», - деп түйді В. Пытьева.

Мадина Нұрбекова


Back to the list