• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
79 үміткердің  төртеуі – Парламент Сенатының  қазіргі депутаттары 08.08.2014

79 үміткердің  төртеуі – Парламент Сенатының  қазіргі депутаттары. Олар: Атырау облысынан Сәрсенбай Еңсегенов, Шығыс Қазақстан облысынан Сергей Плотников, Батыс Қазақстан облысынан Ерболат Мұқаев, Маңғыстау облысынан Михаил Бортник», - деді Фоос.

Оның айтуынша, қызмет бабы бойынша: 4 – Парламент Сенатының депутаты, 33 – мемлекеттік орган, ұйым, кәсіпкерлік пен мекемелер қызметкерлері, 28-коммерциялық құрылым жұмыскерлері, 13 – ғылым, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері.

Қазіргі кезеңде барлық үміткерлер ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес тексеруден өтуде.

Айта кетейік, үміткер ретінде тіркелу үшін мәслихат депутаттарынан кем дегенде 10 пайыз дауыс жинауы керек.

«Бұл қолдау мәслихат депутаттарының белгілі қолымен бекітіледі. Әрбір таңдаушы өз таңдауын бір адамға ғана тоқтатуы мүмкін. Мәслихат депутатының қолы тек Сенатқа сайланғаннан кейін сот шешімімен жарияланады», - деді Фоос. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list