• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысынан Парламент Сенаты депутаттығына 6 кандидат ұсынылды 06.08.2014

«Бүгінде  біз 5 кандидатты ұсынып отырмыз. Олардың 5 ер адам, 1 әйел. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңнамаға сәйкес барлық үміткерлердің жоғары білімі бар», - деді Г. Күнбаева

«Ал, жас мәселесіне келетін болсақ, ең жас кандидат 1974 жылы туылған, ал ен үлкені 1950 жылы туылған. Қызметі бойынша олар дәрігер, экономист, инженер және заңгер», - деп атап өтті ол.

Күнбаеваның айтуынша, облыстық сайлау комиссиясында тіршілік қайнап жатыр. Жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты кезекшілік жасалды. Сала мамандары азаматтар мен сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға кеңес беруде.

Қазіргі таңда, кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес тексерістен өтуде.

«4 тамызда облыстық сайлау комиссиясының отырысы  өтті. Тексерістен өткен кандидаттарға қол жинау үшін арнайы парақшалар берілді. Олардың бірқатары толтырылып, саулау комиссиясына өкізілді. Енді қойылған қолдардың шынайылығы тексеріледі. Жалпы, барлық процедуралар тәртіпке сай жүргізілуде», - деп ол толықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы» Жарлыққа 2014 жылдың 1 тамызында қол қойды.

Мадина Нұрбекова


Back to the list