05.08.2014
Олардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Ұсынылғандардың ішінде 4-і әйел.
Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес ұсыну 31 тамызға дейін созылады.
Кандидаттарды тіркеуді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 11 қыркүйекке дейін жүзеге асырады.
Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының нормативтері белгіленді.