• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенаторлыққа үміткер кем дегенде 10%  дауыс жинауы тиіс (Брифинг бейнебаяны) 01.08.2014

«Сенат депутаттығына сайлауға ҚР Конституциясы мен заңнаманың талаптарына сай келетін кез-келген азамат өз кандидатурасын бере алады», - деді сөз басында В. Фоос.

Оның үстіне кандидаттарды ұсыну мәслихаттар сессияларында, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өздерінің мәслихаттардағы өкілдері арқылы өз кандидаттарын ұсына алу мүмкіндігі бар.

 «Өз кандидаттығын үміткер өзі ұсынғанына немесе маслихат оны ұсынғанына қарамастан ол облыстық маслихаттардың барлығынан 10%-дан кем емес және әр маслихаттан 25%-дан көп емес дауыс жинауы тиіс», - деді В. Фоос.

Оның айтуынша, әр сайлуышы - маслихат депутаттары өз даусын заң бойынша тек бір кандидатқа бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2014 жылдың 1 қазанына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мадина Нұрбекова


Back to the list