• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат депутаттарының үміткерлеріне жоғары талап қойылады -  ОСК төрағасы 01.08.2014

«Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңнамасына сәйкес Сенат депутаттығына кандидаттыққа қойылатын талап өте жоғары. Сенатор болуға үмiткер жасы 30-дан асқан, жоғары бiлiмi бар және еңбек өтiлі 5 жылдан кем емес, сондай-ақ соңғы он жыл бойы елiмiздiң аумағында және соңғы үш жыл бойы өзi дауысқа түсетiн өңiр аумағында тұрақты түрде тұратын Қазақстан азаматы болуы қажет», - деді сөз басында Қуандық Тұрғанқұлов.

Бұдан басқа, Сенат депутаттығына кандидат тиiстi облыстағы мәслихат депутаттарының 10 пайызының қолдауына ие болуы тиiс. Сонымен қатар, кандидаттардың әрқайсы Орталық сайлау комиссиясының арнайы шотына депозит ретiнде 300 мың теңгеден кем емес сайлау жарнасын енгiзуi қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы 4 қазанда сайланған сенаторлар өкiлеттiлiгiнiң конституциялық мерзiмi осы жылдың 9 желтоқсанында аяқталады. Жалпы, олар заңға сәйеке 3 жылда бір рет сайланып тұрады.

Камила Амирова 


Back to the list