01.08.2014
«Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткiзуге республикалық бюджеттен 136 млн теңге бөлiндi. Сайлау науқаны шеңберiнде СIМ бiзбен бiрлесе отырып Халықаралық байқау институтын ашатын болады», - деп қосты төраға.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өз сөзiнде Сенат депутаттығына кандидаттыққа қойылатын талап жоғары екендiгiн атады.
Осы орайда Қуандық Тұрғанқұлұлы маңызды мәселелерге екпiн аударды.
«Сенат депутаттығына кандидат тиiстi облыстағы мәслихат депутаттарының 10 пайызының қолдауына ие болуы тиiс.», - дейдi ол.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2014 жылдың 1 қазанына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мадина Нұрбекова