• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Парламент Сенатына үміткер депутаттарды  үгіттеу жұмыстары өңірлерге бағытталады – ОСК 01.08.2014

«Парламент депутаттығына үміткерлердің үгіт жұмыстарын қаржыландырудың екі көзі бар. Алғашқысы – республикалық бюджеттен бөлінетін мемлекет кепілі болса. Яғни республикалық бюджет есебінен телеарналардан 15 минут, радиодан 10 минут сөйлеу мен басылымдарда екі мақала жариялау мүмкіндігін беріп, сайлаушылармен кездесетін залды жалға алу, плакаттық типографиялық өнім және көлік шығындарын жабамыз», - дейді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, бұл дегеніңіз шамамен 390 мың теңге. Сайлау жұмыстары толықтай өңірлерде өтіп, депутаттар өңір атынан сайланады.

«Барлық үгіт жұмыстары толықтай өңірлерге бағытталып, облыстық сайлау комиссиясы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен келісімге келеді», - дейді.

Қаржыландырудың екінші көзіне келер болсақ, ОСК төрағасының айтуынша, кез келген үміткер өзіндік сайлау қорын құруға құқылы.

«Сайлау қоры өз кезегінде екі көзден құрылады: өзіндік қаражат пен заңды немесе жеке тұлғалардың берген қаражаты. Бұл шамамен 14 млн теңге. Бұны үміткер заңмен рұқсат етілген деңгейде өзінің үгіттеу жұмыстарын күшейтуге жұмсай алады», - дейді Қ.Тұрғанқұлов.


Back to the list