• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат спикері мен Эквадордың сыртқы істер министрі парламентаралық байланысты талқылады 05.07.2014

Қ.Тоқаев Эквадордың сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.  

Бұдан басқа, ол Қазақстан Парламентінің Эквадор Ұлттық Жиналысымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықыласты екенін атап өтіп, эквадорлық парламентшілерді Астанаға келуге шақырды.

Қазақстан Сенатының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына орай біздің еліміздің кандидатурасын Эквадордың қолдайтынына сенім білдірді, сондай-ақ эквадорлық компанияларды халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды.


Back to the list