23.06.2014
ҚР Парламенті Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қ.Тоқаев жоғары мәртебелі қонақты таныстыра отырып, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және парламентаралық байланысты күшейуге серпін береді деп сенім білдірді.
Сондай-ақ, қазақстандық жоғары палатаның спикері әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге негізделген «Қазақстан-2050» Стратегиясы туралы әңгімелеп берді. «Бүгінде Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі ең табысты мемлекеттердің бірі ретінде танылып отыр. Бұл тек табиғи байлықтырдың арқасы ғана емес, жүйелі жүргізілген реформалардың табысты нәтижесі», - деді Қ.Тоқаев.
Сонымен қатар, ол иорданиялық тарапқа Амман қаласындағы көшелердің біріне біздің Мемлекет басшымыздың есімін бергеніне алғыс білдірді.
Өз кезегінде Иордания Сенатының төрағасы мемлекеттерінде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан саяси реформалар, адам әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар, Иорданияның медицина саласында жеткен жетістіктері туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Абдур-Рауф Салем Рауабде журналистермен өткен брифингте іс-сапардан алған әсерімен бөлісті.
«Ертеректе біз Қазақстан және оның жетістіктері туралы кітаптардан, БАҚ білетінбіз. Ал, бүгін біз барлығын өз көзімізбен көрдік. Сіздер заманауи мемлекетті қалыптастыра алдыңыздар. Оның үстіне, көршілеріңізбен ара-қатынастарыңызда өте сыйлы. Мұнаң барлығы Елбасы Н. Назарбаевтың көреген саясаты мен халықтың бейбітшілікті сүйгіштігінің жемісі ", - деп ол түйіндеді.