19.06.2014
«Осы заңнама ҚР-ның жаңа бюджеттік саясаты тұжырымдамасы, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын, сондай-ақ мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын одан әрі іске асыру мақсатында әзірленді. Бюджеттің атқарылуының икемділігін арттыру мақсатында Үкіметтің шешімі бойынша: 5%-дан аспайтын көлемде республикалық бюджет коммисиясына қарамай, 5%-дан 10%-ға дейінгі көлемде республикалық бюджет комиссиясында қарау арқылы бюджетті түзету жолымен бір орталық мемлекеттік органның бюджеттік даму бағдарламалары арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі көзделеді», - деді Е. Досаев.
Сонымен қатар, әкімдер нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде 10%-дан аспайтын көлемде, бірақ жоғары тұрған әкімшілермен келісу арқылы қаражатты жергілікіт бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы болады.
Жалпы, заң жобасында 14 заңнамалық актілерге, оның ішінде 5 кодекске өзгертулер мен қосымша енгізу көзделген.
Камила Амирова