• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның экспорттық кедендік баж салығының ставкасы  ресейлік деңгеймен теңестірілуде 19.06.2014

«Хаттаманың басты шарты ретінде біздің республикамыздың Ресейден тасымалданатын тек мұнай өнімдеріне ғана қарымта тасымал жасамайтынын атауға болады. Яғни, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық мұнайдың қарымта тасымалы жүзеге асырылмайтын болады», - дейді Ұ.Қарабалин.

Өз кезегінде, оның айтуынша, ресейлік тарап мүдде тепе-теңдігін сақтау мақсатында Ресейден Қазақстанға күңгірт мұнай өнімдерін тасымалына тыйым салады. «Ал біздің тарап қазақстандық аумақтан ресейлік мұнай өнімдерін қайта экспорттаудың алдын алу мақсатында ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салады. Атап айтар болсақ,  олар жанармай, дизель отыны».

2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға 2013 жылдың 24 желтоқсанында Мәскеуде қол қойылды.

Хаттаманың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына қарымта мұнай тасымалы мен тұтыну деңгейін қанағаттандыруға қажетті көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы ресейлік өнімнің жанармай мен әуе керосинімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін атқару болып табылады.

Сонымен қатар, Хаттама нормалары арқылы қазақстандық экспорттық кедендік  баж салығы (ЭКБС) ставкасын ресейлік (ЭКБС) деңгейіне теңестіріледі.

Камила Амирова 


Back to the list