12.06.2014
Қабиболла Жақыпов одан әрі қарқынды даму жолында қажетті заңнамалық құжаттарды қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Ол ең алдымен, экономика, сауда, сондай-ақ, инвестициялық салаға тікелей қатысты болмақ.
Кездесу иелері Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына дайындық мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. А. Жээнбеков:
«Қазақстанның ЕЭО және КО мүше болуының біз үшін маңыздылығы зор. Өйткені, Қырғызстан тек осы бағытта ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық инвестицияны ұлғайту тарапынан да Қазақстанның қолдауына сенеді. Себебі, біздің нарық басқалардан гөрі тамыры, тарихы бір қазақстандық инвесторларға көбірек түсінікті әрі жақын»,-деді.